Мәжіліс депутаттығынан үміткер төлеуі тиіс сайлау жарнасының көлемі аталды

Сурет: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлер төлеуі тиіс жарнаны бекітті. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысында Асылбек Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сайлау туралы" Заңның 88-бабының 5-тармағында бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына әрбір кандидаттың тіркелгенге дейін және оның Конституция мен аталған заңда қойылған талаптарға сәйкестігі тексерілген соң ОСК-ның шотына ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу міндеті белгіленген. Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат Мәжіліс депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда төленген жарна кері қайтарылады". ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов

Айта кетсек, елімізде 2023 жылға ең төменгі жалақы көлемі 70 мың теңге болып бектілген. Осыған сәйкес, Мәжіліс депутаттығына сайлау жарнасы 1 млн 50 мың теңгені құрайды.

"Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы ең төменгі 5 жалақыны (350 мың теңге) құрайды. Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Мәслихат депутаты болып сайланған немесе дауыс беру нәтижелері бойынша сайлаушылар даусының кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады". Асылбек Смағұлов

Айта кетсек, бүгін ОСК 19 наурызда Мәжіліс сайлауына қатыса алатын партиялардың тізімін жариялағаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді