Қазақстан мен АҚШ үкіметтері бірлескен мәлімдеме жасады

Сурет: gov.kz
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен АҚШ арасындағы Адам құқықтары жөніндегі диалогтың кезекті отырысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан және АҚШ мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеяның тең төрағалығымен Қазақстан мен АҚШ Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі жыл сайынғы диалогтың екінші отырысын өткізді.

Тараптар ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені одан әрі демократияландыру және адам мен азамат құқықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайту жөніндегі бағдарламасын іске асыру барысын сындарлы түрде талқылады. Америкалық тарап мемлекет басшысының ауқымды реформаларын жүзеге асыруды толық қолдайтынын тағы да растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтары саласындағы нәтижелі өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша ниетін құптады және бірлескен мәлімдемені қабылдады.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады