БАҚ өкілдері дәрі-дәрмектің шекті бағасын қашан қайта қарайтындарын және дәрінің бағасы қымбаттайды ма деп сұрады.
"Біз жақында ғана көтерме және бөлшек саудада тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында дәрі-дәрмектің шекті бағасын қарауды аяқтадық. Бұйрыққа қол қойылды, сондықтан әзірге жоспарлап отырған жоқпыз. Әдетте біз қараймыз - белгілі бір бағалар бар. Нақты инфляция критерийлеріне назар аударамыз. Шекті бағалар жылына бір реттен кем қайта қаралмайды". Ажар Ғиният
Министр бүгінде дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты мәселе жоқ деп сендірді.
"Украинадан келетін дәрілерге қатысты проблемалар жоқ, өткен жылдан бері біз бұл мәселені реттедік – медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру аясындағы дәрілердің 90%-ы сатып алынды. Қазір бұл жұмыс жалғасуда. Германиямен де, басқа елдермен де проблемамыз жоқ. Павлодар мен Қарағанды облысында дәріханаларда парацетамол жеткіліксіз деген сұрақ туындады.Бүгінгі күні дәріханаларға дәрі-дәрмек әкелетін барлық дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізілді, елде парацетамолға қатысты мәселе жоқ. 500 000-нан астам пакет дәрілер бар. Бұл тек таза парацетамол. Құрамында парацетамол бар препараттар - 1,5 миллион пакет." Ажар Ғиният
Жалпы, оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі жедел респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиялық маусымы кезінде ЖРВИ, тұмау және коронавирусқа қарсы қолданылатын барлық препараттарға апта сайын мониторинг жүргізеді.
"Ешқандай проблема жоқ". Ажар Ғиният
2022 жылдың 21 қарашасында Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда 13 пайызға қымбаттағаны белгілі болды.