Министрлік Ресейдегі сауда өкілдігін не себепті жабайын деп жатқанын түсіндірді

Қазақстанның сауда министрлігі Ресеймен өзара ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ескеріп, бұл елдегі сауда өкілдігінің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл қазіргі уақытта қазақстандық бизнес үшін Ресей бағытында жұмыс істеу және барлық операциялық мәселені шешу үшін институционалдық жағдайлар жасалғандығына байланысты. Бұл ретте босатылған бірліктер Қазақстанның басқа елдерде дипломатиялық қатысуын күшейтуге бағытталады", - делінген хабарламада.

Бұл шешім 1992 жылғы 22 қазандағы сауда өкілдіктерін өзара құру туралы үкіметаралық келісімнің күшін жоюды талап етпейді және Ресей Федерациясының ҚР-дағы сауда өкілдігінің жұмысына және жалпы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына әсер етпейді.

Сауда және интеграция министрлігі Ресей Федерациясы Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі болып қала беретінін мәлімдеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 8 000-ға жуық компания және 3 348 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 

"Ресей Федерациясында экономикалық дипломатияны ілгерілету функциясын ескере отырып, ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінен басқа, Санкт-Петербург, Омбы, Қазан және Астраханьдағы бас консулдықтар тиімді жұмыс істейді. Сонымен қатар Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығын ашу мәселесі талқыланып жатыр".

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша одан әрі жұмыс Ресейдің барлық ірі қалалары мен аймақтарында құрылған QazTrade ССДО АҚ серіктестік желісі арқылы жалғастырылады.

Еске салайық, 2023 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігін тарату туралы Үкімет қаулысы жариялады.

Қазақстан Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: