Мәжіліс депутаттығынан үміткердің бюджеттен жабылатын шығыстарының мөлшері белгіленді

Сурет: Zakon.kz
ҚР ОСК 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Мәжіліс депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы Қаулы мәтінін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрт қаулы шығарды:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетін кандидаттардан басқа, кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндауға және  мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялауға – 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге;

2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға – 300 000  (үш жүз мың) теңге;

3) көліктік шығыстарға - 200 000  (екі жүз мың) теңге.

2. Осы қаулы облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін, делінген қаулыда.
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды