Елімізде кәсіпкер әйелдердің саны артты

Сурет: pexels
Елімізде қыз-келіншектер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 43%-ға жетті. Сондай-ақ кәсіпорындар мен түрлі мекемелердегі әйелдерге бөлінетін жұмыс орындарының саны да артқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Алматыда өткен «Women in Business» форумында айтылды.

100-ден астам кәсіпкер қатысқан шарада бизнес бастаудағы қолдаулар мен кедергілер талқыланды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бүгінгі таңда «Almaty business club» оқыту платформасы жұмыс істеп тұр. Оның аясында 100 мың қыз-келіншек кәсіп ашудың қыр-сырын үйреніп жатыр.

Тиісінше былтыр Алматыда 7 мыңға жуық әйел өз ісін бастаған. Олардың арасында әлеуметтік сала бойынша жалғыз басты, көпбалалы аналарға көмектесіп, бағыт-бағдар беретін шағын компания ашқандар бар.


"Біздің орталықта 12 мың әйел тіркелген. Оның ішінде 1000-нан астам әйел «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттар алды. Енді өздерінің кәсіптерін ашып отыр. Тағы бағдарлама аясында 51 ана 2 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін гранттарын алып, кәсіптерін ашып отыр." Ақмарал Байсерова, кәсіпкер

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды