ОСК сайлауға байқаушы ретінде қанша ұйым тіркелгенін айтты

Сурет: Zakon.kz
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау үшін 10 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйым аккредитациядан өткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі таңда ОСК 10 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйымдарды аккредитациялады. Олар еліміздің барлық 20 өңірінде байқаушы бола алады. Олар - Олар: "HAQ", "Еркіндік қанаты", "Ел дауысы", "Азаматтық қорғау", "Electios&Democracy", "Дауыс" қоғамдық байқаушылар коалициясы", "Ұлы көш", "Мұқалмас", "Жастар үні" және Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі қоғамдық қоры". Анастасия Щегорцова

Сондай-ақ ол аймақтық сайлау комиссиялары 201 ұйымға аккредитациядан өткені туралы куәлік бергенін жеткізді. Олар аккредиттелген және филиалдары бар облыстар шегінде барлық сайлауда бақылауды жүзеге асыратын болады.

Қостанай облысында - 30, Қызылорда облысында - 25, Түркістан облысында - 23, Батыс Қазақстан облысында-20, Қарағанды облысында - 17, Алматы облысында - 16, Астана қаласында және Ұлытауда - сегізден. Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында - жетіден, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында - алтыдан, Атырау және Павлодар облыстарында - бестен, Алматы және Жетісу қалаларында - төрттен, Шымкент пен Маңғыстауда - үштен, Абай және Жамбыл облыстарында - екіден.

Щегорцова атап өткендей, бұл түпкілікті сандар емес. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты