"Ауыл" партиясы азық-түлік туралы заңды азаматтармен ақылдаса отырып қабылдауға ниетті

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауы алдындағы саяси партиялардың пікірсайысында "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев елдің экономикалық жағдайына, оның ішінде азық-түлік мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ауыл" партиясы өз жоспарын таныстырды. Жигули Дайрабаев жоспарды төрт бөлікке бөліп, әрқайсына жеке тоқталды.

  1. Мәжіліске келгенде азық-түлік туралы заңды азаматтармен, мына сіздермен отырып қабылдаймыз. Ол елді алға сүйрейді.
  2. Ауыл тозып бітті. Сол үшін ауылдың инфрақұрылымын қалпына келтіреміз. 
  3. Саланы 40-60 пайыз өсімге шығару үшін 100% мемлекет капиталы негізінде Агробанк құрамыз. 
  4. Ауылшаруашылығы техникасын жаңалау, азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында отандық техниканы жасауға басымдық береміз.

Оның сөзінше, азық-түлікпен қамту мемлекет қауіпсіздігінің басты міндеті. Ауыл шаруашылығы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елдегі жалпы ішкі өнімнің 30%-ын құраған. Ал қазір осы көрсеткіш 5%-дан аспайды.

"Бұл дегеніміз - масқара жағдай. Еліміз азық-түлік импортына тәуелді. Мысалы, 2022 жылы сырттан 600 мың тонна сүт, 170 мың тонна ет өнімі әкелінген. Ал құс етінің 36%-ын импорттаймыз. Бұл - аграрлық әуелеті бар ел үшін ұят. Біз осылай шетелден азық-түлік алып, қаншама қаражаттан қағылып отырмыз. Сол себепті де оның бағасы күн санап өсіп, халықтың наразылығынf cебеп болып отыр. Халықтың талабы өте дұрыс. Біз қолымыздан келетінді жасай алмай отырмыз. Бізде шешім қабылдау жоқ", - деді ол теледебатта.

Сонымен қатар ол халқымыз банк жүйесінен де зардап шегіп отырғанына тоқталды. Себебі кредиттің пайыздық үстемақысы өте жоғары.

"Бұл - ашықтан ашық тонау. Халық қарызға әбден батқан. Мұғалімдер бала оқытудан, дәрігерлер адам емдеуден қалып барады. Барлық жерде қағазбастылық. Себебі жоғарыдан түскен стандарттар мен протоколдар оларды соған мәжбүрлейді. Біз денсаулықты нарыққа айналдырып жібердік. Басты байлығымыз адам деген құр сөзге айналды. Жалпы әлеуметтік салада мәселе өте көп. Ел құрғақ уәдеге тойды", - деді Дайрабаев.

"Хабар" телеарнасында Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауы алдындағы саяси партиялардың пікірсайысы болып жатыр.

Бүгінгі дебатқа қатысушылар:


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: