Си Цзиньпин 20 наурызда Ресейге барады

Сурет: wikimedia
Қытай басшысы Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 20-22 наурызда Ресейге барады, мемлекет басшылары Ресей мен Қытай арасындағы әріптестік пен өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 наурызда ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Мәскеуге мемлекеттік сапармен келеді, деп мәлімдеді РИА Новостиге РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

"Қытай президенті Ресейдің басқа да қалаларына бара ма?" деген сұраққа Песков "Мәскеуге" деп жауап берді.

Си Цзиньпиннің Ресейге сапары екі ел арасындағы өзара сенімді нығайтады деп күтіліп отыр.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбиннің айтуынша, ол екіжақты қарым-қатынастардың дамуына жаңа серпін береді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты