Қазақстандық футболшы Мәжіліс сайлауына ұсынған өз кандидатурасын кері қайтарып алды

Сурет: fcastana.kz
Белгілі қазақстандық футболшы, Астана футбол федерациясының президенті Давид Лория Мәжіліс сайлауына ұсынған өз кандидатурасын кері қайтарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дегенмен ол мәслихат депутаттығына үміткер болып қала береді,деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 90-бабының 1-1-тармағына сәйкес, № 2 бір мандатты сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясына келіп түскен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығынан үміткер Лория Давид Григорьевичтің өз кандидатурасын кері қайтарып алу туралы жазбаша өтінішін қарап, № 2 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары сайлауының аудандық сайлау комиссиясы Астана қаласында тұратын, 1981 жылы дүниеге келген "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Лория Давид Григорьевичті тіркеу туралы" 2023 жылғы 10 ақпандағы № 104 шешімнің күшін жойғанын хабарлайды", делінген жұма күнгі хабарламада.

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 19 наурызда өтеді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады