Тараптар Қазақстан 2023 жылдан бастап қосылған "Экономикалық даму мүддесіндегі тиімді басқару" бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
"Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен өзара іс-қимылды нығайтуға қосымша үлес қосады. Бүгін қол қойылған келісімнің мәні елімізде "Экономикалық даму мүддесінде тиімді басқару" бағдарламасы шеңберіндегі өзара қолдау болып табылады. Өзара әріптестіктен күтілетін нәтиже бүкіл өңір бойынша жүргізілетін реформаларды қолдаушы бағдарламалардың бір бөлігі ретінде айқындалған экономикалық реформаларды тиімді және ашық жүргізу болып табылады", – деді Әсет Ерғалиев.
Бағдарлама елдердің сенімді деректерді жинау және оларды саясатты әзірлеу және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, үкімет ішіндегі үйлестіру істерін және азаматтармен өзара әрекеттесуді жақсарту үшін пайдалану жөніндегі күш-жігерді қолдайды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткізілген іскерлік әңгімеге ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы одан әрі қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.