Атырау облысындағы жабық учаскелерде дауыс беру аяқталды

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырауда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша 269 сайлау учаскесі құрылса, оның 11-і жабық учаскелер, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал, дәл қазір жабық учаскелердегі дауыс беру аяқталды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Облыста 9 ауруханада, 1 әскери бөлім мен уақытша қамау орнында жабық учаске құрылды. Әскери бөлімде сайлаушылар таңғы сағат 6:00-ден бастап өз таңдауларын жасаса, қалған жабық учаскелер 7:00-де бастады. Ал қазір ол учаскелерде дауыс беру аяқталып, санау жүріп жатыр", - деді Азамат Айманакумов.

Оның айтуынша, бүгінгі саяси науқанның ашық өтуі үшін жергілікті және халықаралық байқаушылар жұмыс жасап жатыр. Халықаралық байқаушы ретінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымнан 14 өкіл келіп, өз жұмыстарын атқаруда. Сондай-ақ 1500-ге жуық ұлттық байқаушы сайлау процесіне қатысып жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, әзірге облыс бойынша аталған сайлауда ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды