Қазақстан мен Кения президенттері "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды

АХҚО, Астана, Қазақстан, Кения, президенттер , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 19:52 Сурет: Ақорда
Мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Кения арасында инвестиция тартуға және халықаралық қаржылық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған өңірлік алаң ретінде АХҚО қызметі таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Рутоға АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров орталықтың негізгі бағыттары, соның ішінде капитал нарығын қалыптастыру, орнықты, "жасыл", ислам және авиа қаржыландыруды дамыту, сондай-ақ аталған алаңға халықаралық компаниялардың қатысуын кеңейту шаралары жөнінде әңгімеледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Орталықтың экожүйесінде 90 елден келген 5600-ден аса компания тіркелген. Осы жылдарда тартылған инвестиция көлемі 21,8 миллиард доллардан асты.

Орталық жұмыс істей бастағаннан бері АХҚО қатысушылары ел бюджетіне 317,4 миллиард теңге салық төледі.

Бұған дейін қос президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: