Қазақстан мен Кения президенттері халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Сурет: Ақорда
Қазақстан мен Кения президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения президенті Уильям Руто Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, елдің басты технологиялық хабы саналатын кешеннің әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттер басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.
Президенттерге Astana Smart City жүйесі және оның бейнеталдау, қоғамдық қауіпсіздік, көлік ағыны мен қалалық қызметтерді онлайн режимде үйлестіру салаларындағы мүмкіндіктері баяндалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

