Астанада азық-түлік бағасы неге қымбаттап жатыр - әкімдік жауап берді

Сурет: Zakon.kz
Астана әкімдігі Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев елордада бағаның көтерілуінің басты себебін атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, бағаның көтерілуіне делдалдық схемалар себеп болып отыр.

"Негізінен бағаның өсуіне делдалдық схемалар әсер етеді. Бұл жерде айта кететін жайт, өндірушілердің өздері көтермейді, бірақ делдалдық схеманы жасайтын бөлшек саудагердің арасында тұрған делдалдар". Мақсат Жаңабаев

Ол тауар құнының 40-тан 50%-ға дейін делдал болып табылатынын атап өтті.


"Бүгін біз облыстық комиссиямен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз және бағаны тұрақтандыру мәселелерін шешеміз, сондай-ақ заңды шараларды - 15% сауда үстемеақысын енгізу жұмыстарын жүргіземіз". Мақсат Жаңабаев

2023 жылғы 7 ақпанда Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әкімдіктерді сынға алды.

Ол бағаны тұрақтандыру жұмысының әлсіз екеніне тоқталды. Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана, Шымкент, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Ұлытау облыстарында қалыптасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды