Әсет Мағауов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Сурет: gov.kz
Әсет Мағауов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген үкімет хабарламасында.

Әсет Мағауов 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген. И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған, Халықаралық Валюта Қорында және Азия Даму Банкінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары «Теңізмұнайгаз» АҚ, «Қазақойл» ЖАҚ, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмыс істеген.

2008–2010 жылдары — ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;

2010–2011 жылдары — ҚР мұнай және газ вице-министрі.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік