Шетелде оқитын студенттер әскерден жалтарса, қандай шара қолданылады

Сенатта «Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелері» тақырыбы бойынша депутаттық сауалға жауапты талқылау өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста депутат Сергей Ершов әскерден жалтарып Солтүстік Қазақстаннан Ресей Федерациясына 200-ден астам адам қашып кеткені туралы ақпарат шыққанын айтып, сұрақ қойды. Оның дерегінше 250 адам Ресейде, олар әскери міндетін өтегісі келмейді. Сергей Ершов осы адамдарға қандай да бір іс қозғалатын-қозғалмайтынын сұрады. 

Бұл сұраққа Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев жауап берді. Оның айтуынша, алдын ала мәліметке сай бұл 200 адамның 120-cы - Ресейде оқитын студенттер.

"Солтүстік Қазақстанға қатысты, иә, мұндай ақпарат БАҚ-та шығып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл 200 адамның 120-сы - Ресей Федерациясында оқитын студенттер. Интеграцияның жоқтығы... Қазір Қорғаныс министрлігі осы бағытта жұмыс істеп жатыр". Мақсат Қазиев

Сонымен қатар Қазиев заң бәріне бірдей екенін айтты. Дегенмен заң бойынша шетелде жүргендерді Қазақстанға келіп, әскери қызметін өтеуге міндеттей алмайды.


"Заң бар, ол барлығына бірдей. Егер ақтап алатындай себеп болса, онда олардың борышы кейінге шегеріледі. Қазақстан аумағында оқымайтын студенттер әскерден жалтарғаны үшін жауапқа тартылады. Ал оларды Қазақстанға қызметке келуге міндеттеуге ондай құқық жоқ", - деді Мақсат Қазиев.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: