Тоқаев: Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысы азық-түлік алуға кетеді

Сурет: akorda.kz
Президенттің сөзінше соңғы 15 жылда азық-түлік бағасының бұрын-соңды болмаған өсуіне жетті. Ағымдағы жылдың ақпан айында инфляция 21,3%-ды құрап, шарықтау шегіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады." Қасым-Жомарт Тоқаев

Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ. Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз, дейді президент. 

"Нарықты отандық өніммен толтыру, олардың өндірістік факторларының өзіндік құнын төмендету мәселесіне ұрандар мен уәдесіз, жан-жақты, ойластырылған түрде қарау керек. Өндірістен сатуға дейінгі бүкіл тізбекті аралап, бағаның өсуіне не әкелетінін түсіну керек. Агроөнеркәсіп кешенін басқарудың қазіргі үлгісі саланың әлеуетін аша алмайды. Үкіметтің алдында агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету міндеті тұр". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бағаның күрт өсуіне қарсы тұру үшін отандық өнім көлемін арттырумен қатар тұрақтандыру қорларын дұрыс пайдалану маңызды. Бүгінде олар шашыраңқы және ашық емес түрде жұмыс істейді. Жемқорлық схемалары үнемі әшкереленеді.

Сондықтан, басқалармен қатар, азық-түлік корпорациясының сатып алу және негізгі тауарлық баптар бойынша интервенциялар жүргізу әлеуетін белсендірек пайдалану, Азық-түлік корпорациясының ӘКК тұрақтандыру қорларымен жұмысын үйлестіруді күшейту қажет.


"Тәсілдердің біркелкілігі, мемлекеттік компанияның бағаның ауытқуын төмендетуге бағытталуы нарықтық инфляцияға қарсы құралды алуға мүмкіндік береді." Мемлекет басшысы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін