Республикадағы бас мешітті Тұңғыш президент кеңсесі қаржыландыра ма

Сурет: Instagram/bas_meshit
Мәжілісте өткен жалпы отырыс кулуарында журналистер Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан "Бас мешітті Тұңғыш президент кеңсесі қаржыландырады" деген әңгіменің рас-өтірігін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Қаржы министріне "Бұған дейін Астанадағы ең үлкен мешітті Тұңғыш президент кеңсесі қаржыландыратыны хабарланған еді. Оған қазірдің өзінде қанша қаржы жұмсалды?" деп сұрақ қойды.

"Менің білуімше, бұл мешіт Астана қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландырылады. Сондықтан мәселе соларға тиесілі. Жергілікті мешіттерді ұстауға мемлекет бюджетінен ақша бөлмейміз. Бұл мешітті Тұңғыш президент кеңсесі қаржыландырмайды", - деп жауап берді министр Ерұлан Жамаубаев.

Республикадағы бас мешіт 2022 жылдың 12 тамызында Астанада ашылды. Ол - Қазақстан мен Орталық Азиядағы сыйымдылығы бойынша ең үлкен мешіттердің бірі. Мешіт 10 гектар жер учаскесінде салынған. Жалпы ауданы 68 062 м².

Мешітке 235 мың адам сыйяды. Оның ішінде ашық алаңда шамамен 200 мың адам, нақтырақ айтқанда подиум мен сахна аймағында 30 мың адам, мешіт ауласында 170 мың адам бір мезетте құлшылық жасайды.


Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады