Жай ғана желі тартып беретін кезеңнен өттік – Смайылов интернет туралы

25 сәуірдегі үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов жылда байланыс операторлары бұл салаға тартылған инвестицияларды шамамен 60%-ке дейін төмендетіп жібергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cмайылов "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасы президенттің тапсырмасымен әзірленгенін, ол елді мекендердегі Интернет сапасы мен оның қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

"Өкінішке қарай, бұл салада жүйелі жұмыстарды көре алмай отырмыз. Биыл жыл басынан бері үкіметке байланыс және ақпараттандыру мәселелері бойынша азаматтардан 5 мыңға жуық өтініш пен шағым келіп түсті. Олардың басым бөлігі Интернеттің жылдамдығы мен сапасына қатысты. Сонымен қатар, елді мекендерде, тіпті ірі қалалардың өзінде мобильді Интернет жоқ немесе сапасы нашар. Мұндай шағымдар, әсіресе Алматы мен Астанада көп. Мобильді Интернетке қызмет көрсету байланыс операторларының міндеттемелеріне неге кірмейтіні мүлдем түсініксіз", - деді премьер-министр.

Смайылов интернеттің сапасы мен жылдамдығын өлшейтін құралдар жоқ екенін айтты. Инспекцияның өзі жол бойындағы және елді-мекендердегі Интернет жылдамдығын өлшей алмайды. Бұл проблемаларды шешу керек.

"Қазір адамдар бірінші кезекте Интернеттің сапасына қарайды. Жай ғана желі тартып беретін кезеңнен өттік. Халыққа сапалы байланыс пен жылдам интернет қажет. Олар тарифтердің ақысын толығымен төлеп отыр. Сондықтан, сапалы қызметті талап етуі орынды. Соңғы 3 жылда байланыс операторлары бұл салаға тартылған инвестицияларды шамамен 60%-ке дейін төмендетіп жібергенін атап өткім келеді. Операторларға қымбат инфрақұрылымға қаржы салғаннан гөрі, анықталған заң бұзушылықтар үшін айыппұл төлей салған тиімді. Мұндай жағдайды түбегейлі өзгерту керек". Әлихан Смайылов

Ұсынылып отырған ұлттық жоба дәл осы мәселелерді шешуге бағытталған. Оның негізгі мақсаты – халық пен кәсіпкерлік субъектілерін ең кемі секундына 100 Мбит болатын Интернетпен қамтамасыз ету. Талшықты-оптикалық байланыс желілерімен 3 мыңға жуық ауыл қамтылуы тиіс. Ал, 2027-ші жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75%-і және облыс орталықтарының 60%-і 5G технологиясымен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, қала ішінде ұялы байланыс жабдықтарын орналастыру қажеттігі туралы халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.


"Ол ең әуелі байланыс сапасын жақсарту және тұрғындар арасында радиофобияны азайту үшін керек. Сондай-ақ, деректерді беру деңгейі секундына 4-6 терабитке дейін болатын желілердің транзиттік мүмкіндіктерін ұлғайтуға басымдық беру қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан қуатты деректер орталықтары мен трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдары бар Цифрлық хабқа айналуы тиіс. Ұлттық жобаның осы мақсаттарына бюджеттен 5 жыл ішінде шамамен 560 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр". Әлихан Смайылов


Жалпы Цифрлық даму министрлігі мен байланыс операторларының назарын мына мәселелерге аударғым келеді:

Қазақстан Смайылов Әлихан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: