Президент: Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысы басталды. Мемлекет басшысы Ассамблеяны мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт деп атады.

"Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт". Тоқаев

Президент сөзінше, Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым.

"Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады". Мемлекет басшысы
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады