Тоқаев: Біздің паспортқа ие болу – халықаралық аренада беделді елдің азаматы болу деген сөз

Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде біздің бірлігіміздің нағыз символы Қазақстанның паспорты мен көк байрағы екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы өз сөзінде біздің паспорт адамға этникалық тегіне, діни көзқарасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы ретінде құқықтар мен міндеттердің бәрін беретінін айтты.

"Біздің паспортқа ие болу – халықаралық аренада беделді елдің азаматы болу, барлық елдерге еркін бару және өзін заманауи әлемнің ажырамас бөлігі ретінде сезіну деген сөз. Бұл әрдайым және барлық жерде мемлекетің қорғайды дегенді білдіреді. Біздің көк паспортымыз бен көк байрағымыз – тарихымызбен астасқан және миллиондаған адамның жүрегінен орын алған бірегейлігіміздің нағыз символы".Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстанның паспорты біздің бірлігіміз бен келісіміміз негізге алатын озық құндылықтарды қамтиды.

Сондай-ақ Президент "Қазақстанның көк байрағы – қасиетті Тәуелсіздігімізді, сан ғасырлық мемлекеттігіміздің айқын белгісі" екенін айтты.


Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көлік министрлігі ақпараттық жүйені пайдалануды 2027 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатты

"Қорғас" ШЫХО кіру және шығу үшін қандай құжаттар қажет: Қазақстан азаматтары үшін маңызды ақпарат

Магистратура бойынша білім беру гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Кесек жеудің кесірі бар ма?

"Әке жайлы айтпаймын, қозғамаймын өлең де". Садраддиннің әні көпті ойлантып тастады