Оңтүстік Африка билігі Путиннен БРИКС елдерінің саммитіне келмеуін өтінді – БАҚ

Сурет: pixabay
Оңтүстік Африка билігі Ресей президенті Владимир Путиннің тамызда Гаутенгте өтетін БРИКС елдерінің саммитине қатысу райынан қайтаруға тырысып жатыр, өйткені олар Гаагада халықаралық қылмыс соты берген қамауға алу ордері негізінде оны қамауға мәжбүр болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік Африканың Sunday Times газеті үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, президент Сирил Рамафос құрған арнайы үкіметтік комиссия "Путин Оңтүстік Африка жеріне аяқ басқан жағдайда, оны тұтқындаудан басқа амал қалмайды" деген қорытындыға келгенін мәлімдеді.

Оңтүстік Африка Халықаралық қылмыстық соттың қызметін реттейтін негізі құжат – Рим жарғысын ратификациялағандықтан, әскери қылмыс жасағандарға берілген қамауға алу туралы ордерді орындауды қоса алғанда, оның барлық шешімдеріне бағынуға міндетті.

"Путинді тұтқындамасқа амал жоқ. Егер ол осында келсе, біз оны ұстауға мәжбүр боламыз", – деді үкімет шенеуніктерінің бірі.

Газеттің дерек көздері Претория Кремльмен келіссөздер жүргізіп жатқанын, Путин саммитке қалай қатысатыны туралы сұраққа әлі жауап берілмегенін атап өтті.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады

Димаш Құдайберген әлемдік тур алдындағы жаңа образын көрсетті