Президент мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеуден уақытша босатылатынын еске салды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңесте қолданыстағы әскери инфрақұрылым кеңес армиясының стандарттарын ескере отырып жасалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, бүгін біздің алдымызда армиямызды өзгертудің күрделі міндеті тұр. Бұрын болмаған жаңа гарнизондар, әскери қалашықтар мен заставалар салып жатырмыз. Ел аумағын жедел жабдықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

"Қауіпті оқ-дәрі сақтайтын қоймалар елді мекендерден көшіріледі. Бұл үлкен жұмыстың бар жауапкершілігін тек күш құрылымдарына арту дұрыс емес. Үкімет пен әкімдіктер әскери инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде жәрдемдесу керек". Тоқаев

Мемлекет басшысы әскери қызметте «әлеуметтік лифттің» болуы маңызды екенін атап өтті. Сол арқылы жастардың қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік беруіміз керек. Қазір осы бағытта нақты жұмыс жасалып жатыр. Әскери борышын өтеп келген азаматтар енді жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі.


Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылады. Сондай-ақ олар өздері қаласа, армия қатарынан нақты мамандық алып шығады. Жалпы, сарбаздарды әлеуметтік қолдау шараларын мейлінше көбейту қажет. Әскерде жүрген жастарымыз нағыз сарбаз, нағыз маман болып шығуы – міндет. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Әскери қызметшілерге жақсы жалақы төленуі керек. Үкімет Күштік құрылымдарға еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне көшкен кезде осыны ескеруге тиіс» Тоқаев
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді