Министр мектептердің оқулықтарды мерзімінен бұрын жинап жатқанына қатысты пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларының оқулықтарды мерзімінен бұрын өткізгені туралы әлеуметтік желілерде пайда болған хабарламаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, оқулықтарды өткізуге қатысты белгілі стандарттар бар.

"Стандарт бар. Әр мектеп стандартқа сай жұмыс істеуі керек. Мектеп басшылығы жақсы түсінетін белгілі бір заңнамалық ережелер бар. Бұл талаптарды орындайтын тамаша мұғалімдер, тамаша директорлар бар. Орындалмаған жағдайда түсіндіру шаралары жасалады".Ғани Бейсембаев

Журналистер бас педагогке әлеуметтік желіде оқушылардың оқулықтарды уақытынан бұрын тапсырып тастағаны туралы хабарламалар бар екенін айтты. Министр болса, нақты қай мектепте екенін нақтылауды сұрады.

"Қазір тапсырма берілді, тексеріп жатырмыз. Кей жерлерде оқулықты тапсырып тастады деген ақпарат жалған болып шықты. Фактілерді анықтау керек. Сосын ғана олар бойынша шаралар қабылданады".Ғани Бейсембаев

Дегенмен министр мектеп басшылығы мен мұғалімдерді қандай шара немесе жаза күтіп тұрғанын нақтылаған жоқ.

Биылғы оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады. Осыған байланысты оқулықтарды жинап, өткізу оқу жылы аяқталғаннан кейін, яғни 31 мамырдан кейін ғана рұқсат етіледі. Бірақ әлеуметтік желілердегі хабарламаларда кейбір мектептер ата-аналар мен оқушыларға оқулықтар осы аптада жиналатынын ескертіп үлгерген. Кейінірек олар кітап жинауды соңғы қоңырау күніне жақын датаға қойды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды