Тоқаев: Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы геосаяси қиындықтар бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайға айтарлықтай ықпал етіп отырғанын баса атап өтті.

"Биыл халықаралық қаржы институттары әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды, орташа есеппен алғанда, шамамен екі есе төмендетті. Бірақ сыртқы факторлардың қысымына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді". ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, Одаққа мүше мемлекеттер макроэкономикалық тұрақтылығын сақтап, экономикалық өсім қарқыны мен өзара сауда көлемін арттыруда.


"Мен өз тарапымнан ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның одаққа мүше өзге елдермен арадағы тауар айналымы 74 пайызға ұлғайғанын атап өткім келеді. Осы орайда экспорт 98 пайызға өсті. Бұл жақсы көрсеткіш деп санаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

Ресей
Қасым-Жомарт Тоқаев
ЕАЭО

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды