Тоқаев Ердоғанды Түркістанға шақырды

Сурет: akorda.kz
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Түркия Республикасының 100 жылдығы қарсаңында өткен президент сайлауындағы Режеп Тайип Ердоғанның айқын жеңісі оның Түркияны дамытуға қосқан зор үлесі мен қоғамдағы биік беделінің нәтижесі екенін атап өтті, деп мәлімдеді ҚР президентінің баспасөз қызметі.

"Президент бауырлас екі мемлекеттің сан ғасырлық ортақ тарихы мен мәдениетінің тамыры тереңде жатқанын атап өтіп, Түркиямен арадағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді", – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды биыл күзде түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Түркия Президенті Мемлекет басшысына алғысын айтып, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Түркия
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев