Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Сурет: akorda.kz
30 мамыр күні "Ақорда" резиденциясында бес елдің төтенше және өкілетті елшілерінің мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сенім грамоталарын 🇵🇰Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Науман Башир Бхатти, Корея Республикасының елшісі Тэ-ик Чжо,Филиппин Республикасының елшісі Игорь Гарлит Байлен, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының елшісі Джанита Абейвикрема Лиянге және 🇦🇴Ангола Республикасының елшісі Аугушту Да Сильва Кунья тапсырды, деп мәлімдеді ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ Президент олардың мемлекеттерінің басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.

"Қазақстан бейбітшілікке негізделген сыртқы саясат жүргізеді. Біз ынтымақтастыққа, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен тығыз қарым-қатынасқа ашықпыз. Сіздердің миссияларыңыз өте табысты болады деп сенемін. Қазақстан Үкіметі мен Президент Әкімшілігі Қазақстандағы миссияларыңызға қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастықты нығайта отырып, зор нәтижеге қол жеткізе аламыз деп ойлаймын", – деді Мемлекет басшысы.

Сурет: akorda.kz


Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады