КХДР ұшырған зымыранға қатысты Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді

Сурет: pixabay
Бүгін - 31 мамырда Солтүстік Корея өзінің алғашқы ғарыштық спутнигін орбитаға шығару үшін баллистикалық зымыранын ұшырған болатынын, алайда ол сәтсіз болып зымыран теңізге құлады. Осы жайтқа қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство Қазақстанның Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалдың дамуын мұқият қадағалап отырғанын баса атап өтті.

"Ядролық қаруды сынау және баллистикалық зымырандарды ұшыру ядролық қарусыздану процесіне теріс әсер етеді және аймақтық әрі жаһандық ауқымда қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Ядролық қарусыз мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылған Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруды таратпаудың халықаралық режимін қатаңдатуды дәйекті түрде жақтайды" делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сондай-ақ, аталған ведомство нақтылап өткендей, Қазақстан КХДР зымыранының кезекті ұшырылымын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзу ретінде қарастырады.

"Солтүстік Корея билігін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз", - дейді министрлік.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанға ресми сапармен келген Оңтүстік Корея сыртқы істер министрі баллистикалық зымыран ұшырған Солтүстік Кореяны айыптаған болатын.

Айта кетсек, Оңтүстік Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Жин Қазақстанда жұмыс сапарымен жүр. ҚазАқпараттың хабарлауынша, арнайы баспасөз мәслихаты барысында ол Солтүстік Кореяның ұзақ қашықтыққа баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады.

Оңтүстік Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Жин Қазақстанға сапары 1 маусымға дейін белгіленгені де айтылады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды