Тоқаев Азия даму банкінің еліміздегі жобаларды қаржыландыру мәселесін талқылады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Масатсугу Асакавамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Азия даму банкінің Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың 30 жылдығы атап өтілетініне тоқталып, еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін банк басшылығына алғыс айтты.

Өз кезегінде Масатсугу Асакава Президентке қаржы институтының 2023-2027 жылдарға арналған Қазақстанмен серіктестік стратегиясы жөнінде мәлімет берді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Клаудио Дескальцимен еліміздегі мұнай-газ жобаларын іске асыру жайын талқылаған болатын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Қазақстанда Жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі комиссия құрылды