Президентке Шымкенттегі ірі ғылыми-зерттеу орталығы құрылысының барысы баяндалды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma SA компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ фармацевтика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, делінген Ақорда хабарламасында.

Президентке Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан ірі ғылыми-зерттеу орталығы мен зертхана құрылысының барысы жөнінде мәлімет берілді. Орталықта озық әлемдік талаптарға сай келетін толық өндірістік цикл іске қосылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев компания басшылығының Қазақстандағы фармацевтика өнеркәсібін дамыту қызметіне жоғары баға берді. Сонымен қатар Президент отандық денсаулық сақтау саласының одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін жоғары өндірістік стандарттарды сақтау маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы