Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі экономист Нуриэль Рубиниді қабылдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі экономист Нуриэль Рубиниді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген белгілі америкалық экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры, Roubini Macro Associates консалтинг компаниясының директоры Нуриэль Рубиниді қабылдады, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы арнасы.

"Президент Астана халықаралық форумына қатысып, әлемдегі сын-қатерлер туралы өзінің ой-пікірін ортаға салғаны үшін Нуриэль Рубиниге ризашылығын білдірді", – делінген хабарламада.

Кездесуде жаһандық қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді