Тоқаев "БРИКС плюс" cаммиті аясында қандай елдердің басшыларымен жүздесті

Кездесу, Үндістан, Тоқаев, БРИКС плюс, cаммит, президент, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 17:51 Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қыркүйекте Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен, Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагиммен, Вьетнам премьер-министрі Ле Минь Хынгпен, Бурунди президенті Эварист Ндайишимийемен, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен, Таиланд премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен аз-кем-әңгімелесті.

Кездесулер барысында түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Бұған дейін Мемлекет басшысының "БРИКС плюс" саммитіне қатысқаны хабарланған. Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесіп, оны БРИКС саммитінің табысты өтуімен құттықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: