ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселелер талқыланады

Сурет: senate.parlam.kz
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының 2023 жылғы 20 маусымдағы бірлескен отырысының күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді:

  1.  Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы" жолдауы жөнінде.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекіту жөнінде.
  3. Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссия туралы.
  4. "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).

19 маусым күні Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді