Тоқаев Батыс елдері жариялаған санкциялардың сақталуына қатысты пікір білдірді

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның федералды президентімен кездесуде Батыс елдері жариялаған санкциялардың сақталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшыс ең алдымен, ДСҰ ережелері мен нормаларын басшылыққа алатынымызды, сондай-ақ халықаралық нарықта қабылданған барлық ережені сақтайтынымзы атап өтті.

"Ал екі мақсатта қолданылатын тауарлардың Ресейге экспорты туралы айтар болсақ, бұл мүлдем шындыққа жанаспайды. Өйткені, жаңа ғана айтқанымдай, біз ДСҰ ережесін және Еуропалық Одақ жариялаған барлық санкция талаптарын сақтаймыз. Әйтсе де, Ресеймен сауда-саттық жасаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның сөзінше, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 28 миллиард долларға жетті.

"Бұл қолданыстағы халықаралық стандарттарға толық сай келеді", – деп сөзін түйіндеді Қазақстан президенті.

2023 жылғы 20 маусым күні Германия Федералды президентімен кездесуі барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымын тағы да айқындап берді.

Ресей
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты