Депутат: Forbes журналындағы байлар аймақтарға көмектессін

Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин 21 маусым күні пленарлық отырыста Forbes журналындағы Қазақстан байлары қаржылай көмектесуі үшін аймақтарға бөлу керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылумен қамту мәселесін талқылаған депутат бюджеттің мүмкіндігі шектеулі екенін, құзырлы органдар "тарифті шексіз көтере алмайтынын" айтты.

"Бәлкім мұны біреу популизм дейтін шығар. Бірақ менің бір ұсынысым бар. Біздің елде Forbes тізіміне енген 160-тан астам миллионер мен миллиардер бар. Олар мемлекеттен ақша алып, байыды ма, онда елге, халыққа, билікке көмектессін. Ойластырып көруге болады ғой. Олардың әлеуеті оған жетеді".Еділ Жаңбыршин

Сонымен қатар мәжіліс депутаттары энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Риддер, Екібастұз және басқа да проблемалы аймақтарға ешқашан бармағанын айтып, шағым түсірді. Олар Энергетика министрлігін "кеңседе ғана жұмыс істейді" деп атады.


Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды