Атмосфера ластануы мәселесін шешу үшін қала билігі көліктерді, олардың техникалық жай-күйін және пайдаланатын бензинді тексеруді күшейтпек.
"Алматыдағы ауа сапасының нашарлауына көліктің қосқан үлесі туралы айтсақ, оның үлесі зор, бұл туралы талай рет айтылды. Сондықтан экологиялық нормаларды қатайту, автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу тәсілдерін өзгерту мәселелері көтерілді. Сондықтан біз «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға бензиннен бастап, көліктердің техникалық жағдайына қатысты экологиялық стандарттарға қосымша тексерулер енгізгіміз келеді".Ерболат Досаев
Ол мұндай ұсыныс қазірдің өзінде дайындалғанын жеткізді. Күздің басында, парламент демалыстан кейін жұмысына кіріскен бойда әкімдік ұсынысын депутаттардың қарауына бермек.
"Егер олар бізді қолдаса, жылдың соңына дейін ірі жүк көлігінің қызмет сапасына әсер ететін тиімді құрал болады деп үміттенеміз".Ерболат Досаев
Бұл БАҚАД құрылысына да мәселені шешуге белгілі бір үлес қосады.
"Біз транзиттік транспорт кетеді деп үміттенеміз. Меніңше, қалада үлкен көлік аз болып, айтарлықтай жақсарып қалады. Мен оларды мұржасынан түтін шығып тұратын үйлерге ұқсатамын. Олар жүргенде қара түтін шығады. Өйткені катализаторлар жояды, олар ештеңе істемейді".Ерболат Досаев
Әкімнің айтуынша, қаладағы экопосттарға қатысты мәселе әзірше ашық күйінде қалып отыр.
"Экопосттардың тиімділігі жөнінде мәселе көп. Ішкі істер министрлігімен бірге біз екі мүмкіндікті қарастырамыз. Біріншісі, ІІМ посттарды мүлдем жабуды ұсынып отыр. Өйткені бізге қажет шығарынды мен пайдаланылған газды өлшеуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар бар. Болмаса, біз жобалармен айналысатын бір компаниямен жұмыс істейміз. "Сергекте" заңнамада заңдастыруды қажет ететін жаңа көрсеткіштер бар", - деді Ерболат Досаев
Бұған дейін әкім алматылықтардың қаладағы жарық туралы арызына жауап берген еді.