Президентке елімізде жанар-жағармай қорын қалыптастыру жөнінде мәлімет берілді

Сурет: akorda.kz
26 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына компанияның биыл бірінші жартыжылдықта атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берілді. Президентке "ҚазМұнайГаз" компаниясы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсімге қол жеткізгені баяндалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Мағзұм Мырзағалиев ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 1 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыттың және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жұмыс істейтін гибридті электр станциясының құрылысы жөнінде айтты.

Мемлекет басшысына мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы, жанар-жағармай материалдары өндірісінің қарқыны және олардың қорын қалыптастыру туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" Францияның Air Liquide компаниясымен бірлесіп, Павлодар мұнай химиясы зауытында 160 мың тоннаға дейін қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік беретін жобаны іске асыруға ниетті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және перспективті барлау учаскелерін зерттеу үшін ірі инвесторлар тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Мырзағалиев Мағзұм

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы