Заңдар қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге және жекелеген заңнамалық актілерді негізгі «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған.
Көрсетілген ережелерді іске асыру Қылмыстық, Кәсіпкерлік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге, «Жарнама туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.
"Заңдарды қабылдау Қазақстан Республикасында онлайн-платформалардың қызметі үшін құқықтық негіздер жасайды, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауаптылық енгізу арқылы онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы реттеудің нормативтік базасын өзектендіруге мүмкіндік береді, бұл ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын халықаралық стандарттарға сәйкес одан әрі жетілдіруге ықпал етеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тұрақты комитеттері тарапынан заңдар бойынша ескертулері мен ұсыныстары жоқ", - деді сенат депутаты Айгүл Қапбарова.
Интернет-платформалардағы жарнамаға қатысты, әсіресе балаларға қатысты, таргеттік жарнама механизмін неғұрлым мұқият талдау бойынша міндеттемелерді қарастыру жоспарланып отыр.
"Сонымен бірге заң жобасы онлайн-ортаны қауіпсіз және ашық дамытуды көздейді. Қазақстан азаматтарының өтініштері негізінде қорлау және ымырасыз риториканы қамтитын мазмұнмен күресуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу ұсынылады. ҚР Қылмыстық кодексіне диспозицияға, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, топтық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін, сонымен қатар жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін баптарды қосымша енгізу қарастырылып жатыр".Айгүл Қапбарова