Президент әлемдегі тікелей шетелдік инвестиция нөпірінің күрт төмендеуінің басты себептерін атады

Накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, инвестирование, инвестиции, капитал, отложения, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 14:10 Фото: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық инвестициялық ахуалға тоқталып, әлем бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің айтарлықтай қысқарғанын атап өтті.
"Мен Жолдауда жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін айттым. Қазір әлемде нарық пен капитал үшін бәсеке күшейіп барады", – деді Мемлекет басшысы.

БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) келтірген деректерге сүйенсек, 2024 жылы әлемдік нақты секторға бағытталған тікелей шетелдік инвестициялар 11 пайызға төмендеп, 1,5 триллион долларға дейін қысқарған.

Президенттің айтуынша, бұл – жаһандық инвестициялардың екінші жыл қатарынан құлдырауы. Оның негізгі себептері ретінде үдей түскен геосаяси шиеленіс пен халықаралық жеткізу тізбектерінің бұзылуы аталды.

"Сондықтан еліміздегі іскерлік ортаны жақсартуымыз керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: