Биыл кәсіпкерлерге 2 трлн теңгеге жуық қолдау көрсетілді - президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына тоқталып, қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру қажеттігін айтты., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 14:14 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына тоқталып, қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, экспорттық нарықта бәсекеге қабілетті, отандық шикізатты пайдаланатын, сондай-ақ озық технологиялар трансферімен айналысатын кәсіпорындарға басымдық беру керек.

"Биыл „Бәйтерек" холдингі арқылы шағын және орта бизнесті қолдау көлемі шамамен екі триллион теңгеге жетті. Тікелей субсидиялаудан гөрі кепілдік беру құралдарына көштік", – деді Президент.

Оның айтуынша, тапсырмасы бойынша "Даму" қоры жанынан шағын және орта бизнеске, сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларға арналған екі кепілдік қоры құрылды.

Аталған бағыт аясында 2 229 жобаға жалпы 400 миллиард теңгеден астам несие берілген. Оның 220 миллиард теңгеден астамы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: