Бұл жаңалықты ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жомарт Әлиев 1969 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау облысы Краснояр совхозында механизатор болып бастаған.
Әр жылдары "Васильков ТКБК" комбинатының ашық тау-кен жұмыстары кеніші қиыршық тас өндіру учаскесінің шебері,ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің металлдар және көмірсутегі шикізаты бөлімдерінің бас маманы, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитеті "Орталыққазжерқойнауы" аумақтық басқармасының Жер қойнауын қорғау және пайдаланудың Павлодар аймақтық инспекциясының бастығы болып қызмет атқарған.
Сондай-ақ ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді. ҚР Қорғаныс министрлігі Шарттық қызметті бақылау және мониторинг басқармасының бақылау бөлімінің бастығ болған.
ҚР Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті Мемлекеттік бақылау және рұқсат беру басқармасының сарапшысы; бас сарапшысы, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Энергетика министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды.
2017-2022 жылдары – "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ-да қоршаған ортаны қорғау бойынша маман.
2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі болды.