Шымкентте 5 жылда қандай жаңа бастамалар мен ірі жобалар атқарылды

Шымкент әкімдігі қалада кейінгі бес жылда атқарылған істерді атады. Оның ішінде тұрғындарды су, электр, газбен қамтамасыз ету және жаңа ауданның ашылғаны туралы айтылды.

Су, электр қуаты, газ:

"Бүгінде қала бойынша қолданыстағы 150 мың метр куб кәріз тазарту станциясы толық жұмыс істеп тұр. Мәселені шешу мақсатында, кәріз тазарту станциясының қуатын жыл соңына дейін 200 мың кубқа кеңейту жоспарланып отыр. Қаладағы көліктердің өткізу қабілетін арттыру мақсатында Қонаев-Рысқұлов көшелері бойындағы ірі жолайрық пен Түркістан бағытындағы әл-Фараби даңғылының жалғасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар биыл Бәйдібек би-Арғынбеков жол айрығын, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдарын, Өтегенов көшесінің жалғасын пайдалануға беру жоспарда", - делінген Шымкент әкімдігі хабарламасында.

Сонымен қатар жеке инвестор есебінен жаңа әуежай терминалы мен темір жол вокзалы құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде әуежайдың жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2 000 адамға, темір жол вокзалы тәулігіне 2 000 адамнан 6 000 адамға дейін артады.

Жаңа аудан, бюджет, үстемақы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халыққа тиімді қызмет көрсету мақсатында жаңадан "Тұран" ауданы құрылды.

Бюджет көлемі 2,6 есеге немесе 244 млрд. теңгеден 642 млрд. теңгеге дейін жетті, бюджеттің жеке дербестігі 10% артты. Республикада алғашықылардың бірі болып, жалақысы төмен 17 мыңға жуық бюджеттік қызметкерлерге үстемеақы белгіленіп, нәтижесінде жалақылары 100 мың теңгеден асты. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен жыл сайын 3,2 млрд.теңге бағытталып отыр.

Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті "Іскер қала" бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында 216 жобаға қолдау көрсетіліп, 568 жаңа жұмыс орны ашылды.


"Тұрғын үй кезегі санатына енбейтін азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында "Қамқор" жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, жергілікті бюджет есебінен 3 млрд теңге бөлінді. Республикада алғашқылардың бірі болып, қаладағы барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды. 500 орындық жаңа заманауи Оқушылар сарайы құрылысы пайдалануға берілді. Әлемдік деңгейдегі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін 2 066 орындық Конгресс холл құрылысын жыл соңына дейін пайдалануға беріледі", - деп қосты Шымкент әкімдігі.
Шымкент Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: