БҚО-да 500 оқушы оқу жылын өз мектебінде бастай алмайды

Батыс Қазақстан облысында мектептердегі жөндеу ұзаққа созылуы жарты мың оқушының оқу жылын өз мектебінде емес, басқа жерде бастауына себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Базартөбе және Роздольное ауылдарындағы мектептердің оқушылары өз мектебіне бара алмайды. Білім ошақтарындағы жөндеу кешігіп жатыр. Ауыл балалары оқу жылын мәдениет үйі мен әкімдік ғимараттарында бастайды. Өңірдегі үш мектеп бірнеше жылдан бері жөнделіп келеді, деп хабарлайды 24kz.

"Биыл 6 мектеп жөнделіп жатыр, оның ішінде 3 білім нысаны 1 қыркүйекке дейін дайын болады. Ал қалған 3 білім нысанына қауіп төніп тұр. Жөндеу кешігіп, жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін. Осыған байланысты жұмыс кестеден кешігіп жатыр. Жұмысшылар жұмыс орнында жоқ".БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Клара Меңдіғалиева

Сондай мектептердің бірі - Орал қаласының орталығындағы №8 гимназия мектебі. Оны жөндеу 2019 жылы басталды, бірақ әлі аяқталмаған. Осы уақытта мердігерлер ауысқанымен олар мектептің ашылуын жақындата алған жоқ. Балалар тағы үш мектепте оқуын жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар 79 білім беру нысаны күрделі жөндеуді қажет етеді. Оның 28-і бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Бұл оқу орындарын жөндеу үшін мемлекет қазынасынан 16 млрд теңге керек.

Орал Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: