"Жолақ немесе таспаларды, құбырларды, шлангілер мен басқа да құбырларды қоспағанда көбіктелген синтетикалық каучуктен жасалған жылу оқшаулағыш материалдың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
ҚР Сауда және интеграция министрлігіне бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету және ЕЭК-ке Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осыған ұқсас бірыңғай шараны енгізу туралы ұсыныс енгізу тапсырылды.
Импортқа тыйым салуды енгізу бүгінде көбіктелген синтетикалық каучуктан жылу оқшаулағыш материалдарын шығаратын отандық кәсіпорындардың жүктемесі өндіріс қуатының небәрі 4%-ын құрайтынына байланысты.
Құжат 15 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтына жарияланған.