Сирек кездесетін аурулары бар 500-ден астам адам дәрімен қамтамасыз етіледі

Сурет: Алматы әкімдігі
Бұл туралы мәслихаттың VII сессиясында Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласына қосымша 3,8 млрд теңге бөлу ұсынылады. Бұл қаражаттың бір бөлігі орфандық аурулары бар адамдардың қажетіне бағытталмақ.

"Сирек кездесетін (орфандық) аурулардың 8 түрі бойынша 553 пациентті тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 495,3 млн теңге қарастырылған", - деп нақтылады Қанат Сухамбеков.

2017 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қажет ететін орфандық аурулары бар науқастардың саны 40 еседен астам өсті. 2017-2022 жылдарда қаржыландыру сомасы 8 есеге артты және әлі де өсіп жатыр.

Алматыда 5 денсаулық сақтау нысанының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 158,3 млн теңге қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды