Тоқаев Солтүстік Македония президентін Қазақстанға шақырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 тамыз күні ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, оның ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанға сапары маңызды екенін атап өтті.

"Сіздің сапарыңыздың біз үшін маңызы зор. Мен еліміздің осы ұйымға мүше сенімді мемлекет ретінде ЕҚЫҰ-ны қолдайтынын айрықша атап өткім келеді. Ұйымдағы пікірлер қайшылығына қарамастан, ЕҚЫҰ – баламасы жоқ ұйым. Сондықтан біз оның әлеуетіне қолдау білдіруге күш салуымыз керек. 2025 жылы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өту аясында ЕҚЫҰ-ның өзара диалогқа арналған бірегей платформа ретінде қызмететуін жалғастыруына қамтамасыз ету өте маңызды. Еліміздің ЕҚЫҰ-мен тығыз ынтымақтастығы, 2010 жылғы Астана саммитінің декларациясында бекітілгендей, қауіпсіз қоғамдастық құру туралы ортақ көзқарасқа негізделеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларына айрықша тоқталды.

"Екіжақты қарым-қатынасымызда ешқандай мәселе жоқ. Біз ынтымақтастығымызды кеңейту тұрғысынан елеулі нәтижеге жеттік. Еліңізді Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз және біз Скопьеде өз елшілігімізді ашу жөнінде шешім қабылдадық", – деді Президент.

Буяр Османи ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара байланысты дамытуға зор маңыз артып отырғанын мәлімдеді.

Сурет: akorda.kz

Оның айтуынша, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның осы ұйым қызметінің негізгі бағыттарын қолдаудағы белсенді рөлін көрсетті.

"Солтүстік Македонияның ұйым төрағасы ретіндегі ұраны – "Барлығы адамдар үшін". Бұл біздің адамға бағдарланған ұстанымымызды білдіреді. Сіздің реформалар бағдарламаңыз да адамдарға арналған әрі ол ЕҚЫҰ-ның қағидаттары мен міндеттемелерімен ғана емес, біздің ұйым төрағалығындағы басымдықтарымызбен де үндес. Сонымен қатар біз Қазақстанның өңірлік, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өткізіміз келеді", – деді министр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президенті Стево Пендаровскийге ізгі тілегін жолдап, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады