Елімізде оқу жылының ұзақтығына қатысты мәселе қашан шешіледі

Сурет: primeminister.kz
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты даулы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 тамызда үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазір оқу жылының ұзақтығы мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.

"Кез келген шешім балалардың мүддесі үшін қабылдануы керек. Біз барлық сарапшының пікірін ескеруіміз керек. Сондықтан мен түрлі сараптамалық пікір білдіретін адамдармен кездестім. Осы аптада барлық сарапшы жиналып, бір шешімге келуі керек".Ғани Бейсембаев

2022 жылы Қазақстанда оқу жылы екі аптаға ұзартылды. Бұл өзгерістер қазақстандықтар арасында қызу пікірталас тудырды.

Білім министрі 25 шілдеде сарапшылардың оқу жылының ұзақтығына келісіп, ол 36 апта болуы керек деген шешімге келгенін хабарлады. Бірақ соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Қоғам қайраткерлері оқу жылының ұзартылуын сынға алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді