Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды

Сурет: gov.kz
Ержан Иманзайыпов Павлодар қаласы әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2023 жылы 26 тамызда Павлодар облысы әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламада айтылады.


"Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыповты қарамағындағылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын анықтау бойынша жұмыстарды тиісінше ұйымдастыра алмауына, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, жергілікті халықпен байланыстың әлсіреуіне байланысты атқарып отырған лауазымынан босату туралы қабылданған шешімді жариялады", делінген хабарламада. 


Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда