Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Астанадағы Бас мешітте болды

Сурет: akorda.kz
2023 жылы 26 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Астанада 2022 жылы бой көтерген Бас мешітке барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі, делінген Ақорда хабарламасында.


Сурет: akorda.kz


Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.


Сурет: akorda.kz




Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 25-26 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапарымен келетіні хабарланған болатын. Тоқаев Астана әуежайында Рахмонды қарсы алды. Эмомали Рахмон Қазақстан Президентіне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. Қос елдің президенттері алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана
Рахмон Эмомали

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді